74 жастағы марафоншы Сәрсенбай Қотырашев әлемге саяхатын жалғастырып жатыр. Бұл жолы ол Өскеменнен Алтай арқылы Моңғолияға аттанады, деп хабарлады 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекцияның баспасөз қызметі.
Сурет jjtv.kz сайтынан алынды
Бұл сапарын марафоншы Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайды.
Сәрсенбай Қотырашев – тәжірибелі марафоншы ғана емес, жастың жетістікке жетуге кедергі емес екенін дәлелдеген тұлға.
Оның саяхаты тек спорттық қана емес, мәдени сипатты, соның ішінде көшпенді халықтардың мәдени мұрасын сақтау және насихаттаудың маңыздылығын көрсетуді көздейді.