26.05.2023, 10:30
Оқылды: 53

Марат Қарабаев: Орал - Қазақстанның батысындағы көп ғасырлық тарихы бар өлке

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына келді. 

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

министр (3)

Еліміздің батыс аймағына жасалған жұмыс сапары аясында ведомство басшысы ең алдымен облыстың көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жоспарымен танысты.

Министрге Орал қаласының әуежайын дамыту бағдарламасы таныстырылды.

2023 жылдың 3 айында әуе айлағы 28 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсеткен.

Бүгінгі таңда ішкі авиарейстер 5 бағытқа, ал халықаралық авиарейстер Орал–Франкфурт, Орал–Шарм-эль-Шейх бағыттарына ұшады.

109244de49a9185da6f857f78c4eaecc_1280x720

«Қайсыбір мемлекетті алып қарасақ, көлік жүйесі экономика мен әлеуметтік саланың дамуы барысында маңызды рөл атқаратыны белгілі. Осы орайда Батыс Қазақстан облысында көлік жүйесі жылдан жылға кеңейіп, өңірдің дамуы мен халықтың әл-ауқатының артуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып жатқаны қуантады.

Орал - Қазақстанның батысындағы көп ғасырлық тарихы бар өлке. Сондықтан тарихи һәм рухани құндылықтарды сақтап, кейінгі ұрпаққа табыстау алдымызда тұрған маңызды міндет», - деді Марат Қарабаев.

22760e74fa819b4b595c64976b99d539_1280x720

Сондай-ақ министр 2012 жылы негізі қаланған Орал трансформатор зауытының жұмысымен танысты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша кәсіпорынның өндіріс көлемі 14,7 млрд теңгені құраған, бұл 2021 жылғы көрсеткіштен 1,4 есе көп. Бүгінгі таңда өндіріс ошағында 250 адам жұмыспен қамтылған. Аталған трансформатор зауыты қосалқы станциялық электр жабдықтарына арналған жеке өндірісінің болуымен әрі электр энергетикалық жобаларды іске асыру бойынша тауарлар мен қызметтердің толық спектрін ұсынуымен ерекшеленеді. Зауытта жасап шығарылатын өнімдердің өзіндік артықшылықтары да бар. Олардың қатарында, тауарлардың әлемдік стандарттар мен нормаларға сәйкес келуі, трансформаторлардың жоғары сапасы мен қолжетімді және бәсекеге қабілетті бағасын ерекше атап өтуге болады. Компания экспортқа бағытталған электр жабдықтарының кең желісін өндіреді.

Сонымен қатар бұл күні ҚР ИИДМ басшысы Марат Кәрімжанұлы өңір тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдауды жоспарлап отыр. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясын өткізу де көзделген.

Екі күндік сапар барысында министр өңірдегі бірқатар өнеркәсіптік кәсіпорынды аралап, Подстепное-Федоровка автожолы құрылысының барысымен танысады және көпірді жөндеу жұмыстарының жоспарын егжей-тегжейлі зерделеп шығады деп күтіліп отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале