7.08.2020, 18:31
Оқылды: 36

Мәртебелі мамандық иелері марапатталды

Бүгін облыс әкімі Ғали Есқалиев өңір құрылысшыларын кәсіби мерекесімен құттықтап, еңбегімен ерекшеленген бір топ жасампаз кәсіптің қаһармандарын марапаттады.

3AD97F8D-AFF0-4F6E-B1B1-E79306717FEC

Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиевтің айтуынша, бүгінгі таңда өңірімізде 50-ден астам құрылыс компаниялары сәтті жұмыс жасауда. Олардың күшімен биыл облыс орталығында 21 көпқабатты үйлер, аудан - ауылдарда 139 тұрғын үйлер бой көтеруде. Биылғы жылдың жеті айында облыстағы құрылыс қарқынының даму көрсеткіші орташа есеппен 2,7 5%-ға жеткен. Жыл соңына дейін 450 мың шаршы метр, яғни Орал қаласынан 10 көпқабатты үй мен аудан-ауылдардағы 89 баспана пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар құрылысы жүріп жатқан шаһардағы №33, №51 мектептері мен Чапаев ауылындағы білім ошағы биыл халықтың игілігіне берілмек. Оның сыртында биыл 24 елді мекенге таза ауыз су тарту жұмыстары атқарылуда.

5D43B41B-E750-4B8C-BFEE-2E728E065B69

-Құрылыс саласының қаһармандары әрдайым халықтың алғысына бөленіп жүрген жандар. Себебі бұл сала әр қала мен аудан-ауылдардың тыныс-тіршілігіне, дамуына тікелей әсер етеді. Әр өңірде жыл сайын көптеген нысандар мен тұрғын үйлер бой көтеріп, бірқатар ғимараттар күрделі жөндеуден өтуде. Біздің облыста да жыл сайын 500 мыңдаған шаршы метр тұрғын үйлер пайаланылуға беріліп келеді. Биыл да мемлекет тарапынан құрылыс саласына қомақты қаражаттың бөлінуі қуанарлық жағдай. Сол қолдаудың нәтижесінде қалада, аудан-ауылдарда жеті мектеп пен бірнеше спорт кешендері салынуда. Сонымен қатар бірнеше шақырым жолдар жөнделіп, елді мекендерге таза ауыз су мен көгілдір отын тартылуда. Қай құрылысты болмасын өз мойынына алған компания сол нысанның сапалы салынуына мүдделі болады. Егер де құрылыс өз дәрежесінде жүргізілсе, басқа саланың да жұмысына оң ықпалын тигізеді деп санаймын. Сыртқы келбеті келіскен, іші жанға жайлы ғимаратта жұмыс жасаудың өзі жағымды емес пе? Биылдан бастап өңірімізде студенттік құрылыс жасақтары жұмыс жасай бастады. Күні бүгін өз облысымыздан және басқа өңірлерден 371 жас жинақталып, 21 құрылыс жасағы құрылды. Аталған үрдіс келер жылдары да жалғасын табатын болады. Қазіргі жастар аға буын құрылысшылардан тәжірибе жинақтап, олардың игі ісін келешекте жалғастырады. Өңірдегі барша құрылыс саласы қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтап, дендеріне саулық, еңбектеріне жеміс тілеймін,- деді Ғали Есқалиев.

448A16CD-2F4F-4679-A06C-2D31CD345090

 Салтанатты шара соңында Каримолла Жақыповқа «Еңбек ардагері» медалі, Сәбит Бекқалиев, Алексей Безьянов, Гүлсім Жұматова сынды сала қызметкерлеріне «Қазақстанның құрметті құрылысшысы» төсбелгісі табыс етілді. Сондай-ақ құрылыс саласында елеулі еңбек етіп жүрген бір топ компания басшылары мен жұмысшыларына министрліктің Құрмет грамоталары мен облыс әкімінің алғысхаттары табыс етілді.  7EA14D2B-0F5F-42BB-8E3F-46232589F585

F7C420D9-6C5F-4774-B946-9FBCCC32838D

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале