
Жаңа тәсілді енгізудің негізгі мақсаты – мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бір жұмыс күніне дейін қысқарту және өтінімдерді қараудың негізгі кезеңдерін оңтайландыру есебінен процестердің ашықтығын арттыру болып табылады.
Жоба «Электрондық үкімет» (egov.kz) порталы, электрондық еңбек биржасы (enbek.kz), екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшалары және проактивті қызмет арқылы келіп түскен өтініштер негізінде қалыптастырылған электрондық іс макеттерін қамтиды.
Электрондық өтініштер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде кешенді тексеруден өтеді. Жүйе төлем алу құқығының басталуын, әлеуметтік аударымдарды төлеудің уақтылығы мен дұрыстығын, сондай-ақ құжаттардың толық пакетінің болуын автоматты түрде растайды.
Егер өтініш белгіленген критерийлерге сәйкес келсе, шешім автоматты түрде қабылданады, содан кейін өтініш берушіге SMS-хабарлама жіберіледі. Мұндай өтініштер бойынша шешім қабылдауға адамның қатысуы толығымен алынып тасталды. Жүйе қандай да бір сәйкессіздіктерді анықтаған жағдайда электрондық іс макеті МӘСҚ филиалдарының мамандарының қарауына автоматты түрде беріледі.
Айта кету керек, пилоттық жоба тек тағайындау туралы ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік төлемдерді тағайындаудан бас тарту, мөлшерін қайта есептеу, тоқтата тұру және тоқтату туралы шешімдерді автоматты түрде шығаруды көздейді. Автоматты шешімдердің дұрыстығына мониторингті МӘСҚ мамандары күнделікті жүргізіп отырады.