19.12.2022, 9:15
Оқылды: 51

Мәскеуде толассыз жауған қардан 70-тен астам рейс кешікті

Ресей астанасында қар үйінділері бір күнде 25 см-ге өсті. Мәскеу әкімінің орынбасары Петр Бирюковтің айтуынша, жалпы желтоқсанның басынан бері 2,5 айлық нормаға жуық қар жауды, деп жазады ҚазАқпарат ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

IMG-20221219-WA0004

«Биыл нағыз қыс болды, қараша айының өзі қарлы болды – жауын-шашынның айлық нормасы сақталған. Желтоқсанға келсек, бұл соңғы 80 жылда бірінші рет болып тұр. Бүгінгі күнге дейін жауын-шашынның 2,5 айлық нормасы жауған. Тек бүгін ғана қаланың кей жерлерінде тәулігіне 25 см не одан да көп қар жауса, жекелеген аудандарында айлық норманың 60%-дан астам көлемінде – 39 см қар түскен. Қалада қосымша адам ресурстары мен техникалық жұмылдыру бойынша бүкіл қажетті шаралар қабылданды», - деді Петр Бирюков.

Оның айтуынша, жексенбі күні қалада қар жинау жұмысына қосымша 40 мың адам тартылған, барлығы 120 мыңға жуық жұмысшы қызмет етіп жүр.

Сондай-ақ, 14,2 мыңға жуық түрлі техника қолданылған.

BBC мәліметінше, Мәскеу әуежайларында 70-тен астам рейс кешіккен және кейінге қалған.

Әуежайлар қалың қарға қарамастан штаттық режимде жұмыс істейді. Бірақ рейстер кешігеді, өйткені ұшақтарды антифризбен мұқият өңдеу керек.

Кеше үш әуежайда барлығы 62 рейс кешіккен және 13 рейс кейінге қалған.

 

Фото: Сергей Фадеичев/ТАСС

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале