Қасым хан шамамен 1445-1518 жылдары өмір сүрген. Қазақ хандығының негізін қалаған Әз Жәнібектің ұлы.
Қасым хан туралы мәлімет алғаш рет Мұхаммед Шайбани туралы жазбаларда аталады. Онда: «атақты сұлтандар мен батырлардың бірі», «Бұрындық ханның атты әскерінің басшысы» деп жазады.
1511 жылы Бұрындық қаза болғанда Қасым хан билікті өз қолына алады. Оның тұсында хандықтың саяси ықпалы күшейіп, ірі және қуатты хандыққа айналады.
Қасым хан тұсында хандықтың шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау мен Балқаш өзені жағалауын қамтып, солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін созылып жатқан.
Осы кезде халықтың саны 1 миллионнан асып, алғаш рет Мәскеу мемлекетімен елшілік қатынастар жасалып, Батыс Еуропаға таныла бастайды.
Қазақ тарихында бұл ұлы тұлғаның ұстанған бағыты «Қасым салған қасқа жол» атанып тарихта қалды.
Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz