6.11.2024, 12:00
Оқылды: 70

Мәслихат депутаттарын сайлау: Оралда үміткерлерді тіркеу жүргізіліп жатыр

Биылғы жылғы 8 желтоқсанда Орал қалалық мәслихатының құрамынан шығып қалған депутаттардың орнына сайлау өтпек.

a994d41d-cc5b-49ff-9266-8cbfbdef3203

Бүгінде бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша қалалық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды тіркеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы хабарлады.

Орал қаласы бойынша №11, №16, №23 аумақтық сайлау округтерінде комиссиялар жұмыс жасап, депутаттыққа үміті барлардан құжаттар қабылданып жатыр.

ee226bd8-da15-4c35-b26f-bf051a2a5547

– Жалпы №23 округтік сайлау комиссиясына қалалық мәслихат депутаттығына бес үміткер өз өтініштерін ұсынған. 5 қараша күні бір кандидат өз өтініші бойынша сайлауға түсуден бас тартты. Бүгінде округтік сайлау комиссиясы толық құраммен жұмысын жалғастырып, үміткерлерді тіркеуді жүзеге асыруда, - деді №23 округтік сайлау комиссиясының төрағасы Жазира Бисалиева.

Сондай-ақ №11 округтік сайлау комиссиясына 8 адам өтініш берген. Бір үміткердің қалалық мәслихат депутаттығына сайлауға түсуге сәйкес еместігі анықталып, екі кандидат өз еріктерімен бас тартқан. Дәл қазір бұл сайлау округінде 5 үміткер ұсынылған.

0a599fd5-6a2d-4690-9baa-499124dcae69

Ал №16 округтік сайлау комиссиясына үш өтініш түскен болса, оның біреуі күні бүгінге құжаттарын толық тапсырмаған.

Айта кетейік, бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша қалалық мәслихаттарының депутаттығына кандидаттарды тіркеу 8 қараша күнгі сағат 18:00-ге дейін жүргізіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале