4.04.2024, 17:09
Оқылды: 81

Махамбеттегі жағдай тұрақталып келеді

Бәйтерек ауданына қарасты Махамбет ауылында еріген мұздақ пен қардан шыққан су ауыл маңындағы бөгеттен асып, елді мекенді су басу қаупі төнді. Осыған дейін махамбеттік 20 тұрғын ауыл клубына эвакуацияланғанын жаздық. Одан бөлек 64 жандық пен 166 бас ірі қара қауіпсіз жерге шығарылды.

су таскала 2024 (3)

Көрнекі фото

Қазіргі уақытта су деңгейінің көтерілуі байқалмайды. Эвакуацияланған тұрғындар үйлеріне оралды.
Көшелер мен аулалардан енген суды сору жұмысы жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысқа 16 адам, 3 техника, 6 мотопомпа және жергілікті тұрғындар тартылған.

Сонымен қатар «Березка» саяжайы маңында көтерілген суды ұстап қалу үшін құм толы қап төселіп жатыр. Ол жұмысқа жеке құрамның 12 сарбазы, 2 техника және жергілікті 20 тұрғын тартылған.
Шаған, Деркөл және Жайық өзендерінің бойындағы 132 саяжай мен елді мекендерді су басу қаупі әлі де бар. Аталған үш өзен бойында 19 043 адам тұрады. Оның 5 315-і бала.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале