12.08.2024, 11:30
Оқылды: 119

Мәжіліс депутаты Әбиба Әбужақыноваға жаңа көлік сыйға тартты

Париж Олимпиадасында ел намысын қорғаған дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға Астанада ерекше құрмет көрсетілді. Мәжіліс және мәслихат депутаттары спортшыға су жаңа көліктің кілтін табыстады. Бұл туралы prosports.kz жазды.

20821556-9457-4A35-B1D9-FA7D7BC3C5E2

Сурет: видеодан скрин

Мәжіліс депутаты, «Республика» партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров әлеуметтік желіде Әбиба Әбужақынованы күтіп алған сәттен видео жариялап, көпшілікке оған автокөлік сыйлағанын жария етті.

«Көп сөздің қажеті жоқ деп ойлаймын», - деген жазба қалдырды ол Instagram-дағы парақшасында. Бейнежазбада жиналған көпшіліктің Әбиба Әбужақынованы әуежайдан ерекше күтіп алғанын көруге болады.

Жанкүйерлер дзюдошыға гүл шоқтарын тарту етіп, құрмет көрсетті. Ал «Республика» паритясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров пен мәслихат депутаты Қайрат Маишев спортшы аруға жаңа көліктің кілтін тарту етті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале