9.01.2026, 11:00
Оқылды: 111

Мәжіліс депутаты «Batys hub» инновациялық орталығының жұмысымен танысты

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Имашева Снежанна  Батыс Қазақстан облысына іс-сапары барысында «Batys hub» инновациялық орталығы жұмысымен танысты. Batys Hub — Батыс Қазақстандағы цифрлық дағдыларды дамытуға, стартаптарды қолдауға және мықты IT-қоғамдастық құруға арналған аймақтық алаң. Хаб жаңа жобалардың пайда болуына және технологиялық кәсіпкерліктің өсуіне қолайлы орта қалыптастырады.

 

WhatsApp Image 2026-01-09 at 11.44.38 (1)

Batys Hub-тың миссиясы — оқуға, стартаптарды іске қосуға, пікірлес адамдарды табуға және аймақтық технологиялық қозғалыстың бір бөлігі болуға мүмкіндік беретін IT-экожүйені құру.

Batys Hub өз жұмысын 2023 жылдың наурыз айында Jaiq Hub атауымен бастады. 2025 жылдың 6 қазанында хаб мәртебесі ресми түрде бекітіліп, Batys Hub деп аталып, ребрендинг жүргізілді. Бұл кезең аймақтық брендті нығайтып, миссияны күшейткен жаңа даму сатысын білдіреді.

WhatsApp Image 2026-01-09 at 11.44.39

- «Депутаттардың өңірлерге сапардағы ең басты мақсаты – Мәжілісте атқарылған жұмыстарды талқылау. Оның ішінде сайлаушылармен кері байланыс жүргізу негізгі қызметіміз. Өңірдегі сапарым Бөрлі ауданы мен Теректі ауданынан бастау алды. Тұрғындардың кездесулерде қоятын негізгі сұрақтары әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты. Бүгінгі біз танысып тұрған нысан – Batys hub орталығы қазіргі цифрландыру дәуіріндегі аса маңызды нысандардың бірі. Себебі Мемлекет басшысы да атап өткендей, биылғы жыл цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланған болатын. Қазіргі таңда аса қарқын алып келе жатырған онлайн төлемдер, цифрлық қызметтер күнделікті өмірімізге енді. Ал бұл орталықтар басқа да бағыттарды, денсаулық сақтау, білім саласы сияқты бағыттардағы әртүрлі мәселелерді жеңілдетуге үлкен мүмкіндік береді», - деді Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Снежанна Имашева.

WhatsApp Image 2026-01-09 at 11.44.38

Орталықта қазіргі таңда 20-ға жуық мамандар шоғырланған. Олардың бірқатар жобалары әлемдік додаларда үздіктер қатарынан көрінді. Ауыл шаруашылығы, құрылыс саласы, балалар денсаулығы тақырыптарында бірқатар сала мамандары өз жобаларының таныстырылымын жүргізді. Сонымен қатар қазіргі таңда қоғамға тигізетін пайдасы, қаражат табу мүмкіндіктері тақырыптарына тоқталып өтті жоба авторлары.

Зарина Каирова,

«AMANAT» партиясы

Батыс Қазақстан облыстық филиалы

баспасөз хатшысы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале