ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан су тасқынына байланысты жағдайды бағамдау үшін өңірге келді.
Депутат өңірде қалыптасқан қазіргі жағдай, эвакуацияланған тұрғындардың жай-күйі және су тасқынының салдарын жою жұмыстары туралы сұхбат берді.
Сондай-ақ су тасқынынан зардап шеккен халыққа қолдау көрсету мақсатында өңірлерден жеткізілген гуманитарлық көмек жинақталған қойманың, оған жауапты адамдардың жұмысымен танысты. Мәжілісмен Қазақстанның барлық өңірінен келіп жатқан материалдық көмек толықтай есепке алынып, оның қолды болмауы қадағаланатынын айтты.
Ал кездесуге қатысқан Азаматтық альянс өкілі Аслан Тапишевтің сөзінше, өңірге соңғы екі күнде Алматы, Астана, Шымкент қалаларынан 10 тонна гуманитарлық көмек жеткізіліп, алдағы уақытта Алматы облысының әкімдігі тарапынан тағы 60 тонна күтілуде. Жуық арада олар елді мекендерге жеткізіліп, жұртшылыққа үлестіріледі.
Аружан Болатбек