Бүгін БҚО-ға ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты Елнұр Бейсенбаев іссапармен келіп, Орал қаласындағы әлеуметтік мәселелерге назар аударды.
Түске дейін депутат "Отбасы" орталығында болып, өмірдің қиын жағдайында қалған адамдарға, көп балалы, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдау беретін орталықтың жұмысына оң баға берді. Одан кейін "Шабыт" орталығындағы атқарылып жатырған жұмыстармен танысты.
- «Nur Otan» партиясы 600 жас депутаттан тұратын корпус жасақтады. Сол корпустың жетекшісі ретінде жас депутаттармен кездесіп, жастардың идеяларын әрі қарай қолдау бағытында талқылау өткіздік. Сондай-ақ "Отбасы", "Шабыт" орталығында болып, олардың жұмыстарына риза болдық. Ең сенімді капитал - балалардың дамуына жұмсалған капитал, - деді сапары жайлы Елнұр Бейсенбаев.
Мәжіліс депутаты Е. Бейсенбаев түстен соң "Орал таза қала" компаниясының қоқысты қайта өңдеу зауытымен танысты. Сондай-ақ шаһардағы "Бастау" коворкинг орталығында болып, өңірдің "Жас депутаттар корпусы" мүшелерімен кездесті. ( Мәжіліс депутатының облысқа сапары туралы мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің сейсенбі күнгі санынан оқи аласыздар).
zhaikpress.kz