13.05.2022, 18:48
Оқылды: 40

Мәжіліс депутаты профессор-оқытушылармен кездесті

Бүгін Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетіне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар келді. 

IMG_3470

Білім ордасының профессор-оқытушылар құрамымен кездескен депутат Мемлекет басшысының 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлығына байланысты ел Конституциясындағы өзгерістер мен толықтырулар жөнінде айтып өтті. Ата Заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың толық мәтіні республикалық «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланғанын мәлімдеді.

Кездесу барысында университет оқытушылары сауалнама толтырып, өздерінің ұсыныс-тілектерін жеткізді. Сонымен қатар Мәжіліс депутатына сауалдарын жолдап, елдегі реформаға үн қосты. Мәжілісмен оқу орнының ұжымын референдумда белсенділік танытуға және өздерінің азаматтық көзқарастарын білдіруге шақырды.

БҚАТУ медиа орталығы  

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале