19.06.2023, 11:31
Оқылды: 40

Мәжіліс комитеті Үкіметке су мәселесімен айналысатын дербес орган құруды ұсынды

Мәжілістегі Үкімет сағатында Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Серік Егізбаев су мәселесімен айналысатын дербес орталық мемлекеттік орган құруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

сырым су (2)

Депутаттың айтуынша, Аграрлық мәселелер комитеті су ресурстарының менеджментіне талдау жасаған.

«Біздің бағамыз бойынша, су ресурстарын басқару менеджменті тиімсіз. Экология министрлігі бүкіл саланы өз бетімен жіберді деп есептейміз», - деді ол.

Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы бұл мәселе фермерлерді де қатты алаңдатып отырғанын айтады.

«Өңірлерге шыққан кезде фермерлер су тапшылығы, су қатынастарының реттемелгені және су шаруашылық нысандарының тозуы сияқты мәселелерді ұдайы көтереді.

Үкіметке су мәселесімен айналысатын дербес орталық мемлекеттік орган құру мәселесін қайта қарауды ұсынамыз», - деді Серік Егізбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале