Қазақстан Республикасы Мәжіліс Парламентінің заңнама және сот құқықтық реформа комитетнің төрағасы Снежанна Имашева 5517 әскери бөлімі жеке құрамымен кездесті.
Снежанна Валерьевна Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында әскери бөлім мен қызметшілердің әлеуетін білу мақсатында әскери қызметшілермен жеке кездесіп, толғандырған мәселелеріне назар аударды. Алдымен депутат 5517 әскери бөлімінің сарбаздар тамақтанатын асханасын, жататын казармасын қарап шықты. Сонымен қатар әскери бөлімнің мұражайына көз жүгіртіп, тарихтан сыр шертті. Кездесу барысында Снежанна Имашева әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын қамтамасыз ету саласы аясында ұсыныстарын тыңдап, көкейдегі сұрақтарына жауап берді.
Ертуған Әубакир,
капитан
zhaikpress.kz