15.06.2022, 12:44
Оқылды: 39

Мәжіліс төрағасы әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендетуге қатысты пікір білдірді

Әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету үшін мемлекеттік қаржы мүмкіндігін ескеру керек. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220615132457373e

Бүгін палатаның жалпы отырысынан кейін тілшілер Е.Қошановтан әйелдердің зейнетке шығу жасын 58-ге төмендетуге қатысты сұрақ қойды.

«Бұл мәселеге жеңіл қарауға болмайтын шығар. Себебі бұл бағытта мемлекеттің мүмкіншілігін де қарау керек. Қазіргі кезде тиісті талап-тілектер айтылып жатыр, оның барлығын білеміз. Өңірлерге барған кезде де бұл ұсыныстар айтылды. Осы мәселеге қатысты ұсыныстарды пысықтау керек. Ол бойынша Үкімет, тиісті құзыретті орган жұмыс істеп жатыр. Бұл ретте қандай нәтиже болатынын алдағы уақытта көреміз», - деді Мәжіліс төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында сенатор Дана Нұржігіт әйелдердің зейнетке шығу жасын 58 жасқа дейін төмендетуді ұсынды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале