Депутаттың мәлімдеуінше, диализге мұқтаж науқастар қажетті дәрі-дәрмектің тапшылығына шағымданады
Мәселен, емге балама – «Кетостерил» препаратын қолдану болып табылады. Бұл тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі бойынша дәрілер тізіміне енгізілмеген. Препаратты қабылдау науқастардың өмірін сақтап, ұзартады. Сондай-ақ гемодиализге баруды, сәйкесінше, ағза алмастыруды кейінге қалдыруға көмектеседі. Мемлекет тарапынан тегін дәрі-дәрмек алатын адамдар берілетін препараттар көлемінің қысқаруы жыл сайын проблемаға айналып бара жатқанын айтып, дабыл қағуда, - деді Вакиль Набиев.Сондай-ақ фосфордың жоғары деңгейімен күреске арналған дәрі-дәрмекке қолжетімділік проблемасы да бар
Соңғы 10 жылда Қазақстандағы диализ орталықтарының саны 24-тен 40-қа дейін көбейген. Заманауи «жасанды бүйрек» аппараттарын енгізу жүзеге асырылды, орын алмастырушы бүйрек терапиясының жаңа әдісі – бикарбонатты диализге ауысу орын алды. Бұл пациенттердің жағдайын біршама жеңілдетті. Бүгінде «жасанды бүйрек» аппаратын қолданатын пациенттер саны 1608 адамды құрайды, - деді депутат.Ол өз сөзінде жыл сайын елімізде жасалатын ағза трансплантациясының саны 5-6 операциядан аспайтындығын алға тартты. Диализге баратын қазақстандықтардың барлығы жаңа бүйрекке мұқтаж. Алайда мамандардың айтуынша, донорлық ағзалардың қоры өте төмен
Жасанды бүйрек аппаратымен өмір сүру өте қиын. Гемодиализден соң минералды-сүйек бұзылысы орын алады. Ол кеуек іспеттес болып, жүрек-қантамыр ауруларының, қан қысымының өршуіне алып келеді. Жоғарыда аталғандар негізінде аталған мәселе бойынша шұғыл шаралар қабылдау қажет деп санаймыз, - деді Вакиль Набиев
BAQ.KZ