11.07.2017, 11:42
Оқылды: 43

Мәжілісмен Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлерімен кездесті

Majilisimen   Батыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүрген Мәжіліс депутаты, тарих ғылымдарының докторы, генерал-лейтенант Абай Тасболатов Оралда Ұлттық ұлан жауынгерлерімен кездесті.

    ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, халық қалаулысы алдымен өңірлік қолбасшылық басқармасы мен 5517-әскери бөлімінің штабында, жауынгерлік даңқ музейінде болды.


      Содан кейін «Батыс» өңірлік қолбасшысы, генерал-майор Әлібек Серәлиев мәжілісменді әскери бөлімнің оқу үдерісімен, күнделікті тыныс-тіршілігімен таныстырды. Мәжіліс депутаты әскери қызметшілерге еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының стратегиялық бағдарламасының негізгі бағыттары, заңшығарушылық қызмет барысында атқарылған жұмыстар жөнінде әңгімелеп берді. Соның ішінде қазір Мәжілісте қаралып жатқан әскери қызметшілерге арналған тұрғын үй тұжырымдамасы туралы да айтылды.

     «Қазіргі таңда Ұлттық ұлан жауынгерлері нақты міндетті орындауда. Олар күн сайын, ауа райына қарамастан, қолына қару ұстап, ел тыныштығын, маңызды нысандарды күзетуде. Бұл оқу-жаттығу емес, сондықтан әскери қызметшілер барлық байланыс және көлік құралдарымен толық қамтамасыз етілуі тиіс. Мемлекет басшысы тарапынан Ұлттық ұланға ұдайы көңіл бөлініп келеді. Бейбіт күнде ерлік көрсетіп, қарулас жолдастары мен қарапайым тұрғындарды қорғап қалып жатқандар аз емес. Олардың өміріне әр сәт сайын қауіп төнеді. Сол себепті әскери қызметшілердің әлеуметтік жағынан қорғалуын да естен шығармау керек», - деді Абай Тасболатов.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале