12.09.2025, 11:00
Оқылды: 94

Мәжілісте республикалық бюджет пен жалпы трансферттер көлемі туралы заң жобалары таныстырылды

Мәжілісте «2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» және республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, Астана бюджеттері арасындағы осы жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң жобаларының таныстырылымы өтті. Оған палата вице-спикері Дания Еспаева, мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты, - деп жазады mazhilis.parlam.kz сайты.

5341355238252214771

Дания Еспаева өз сөзінде осы заң жобаларын қарау кезінде Президент жуырдағы Жолдауында атап өткен міндеттерді шешу мәселесі ескерілуі қажет екенін айтты. Олардың қатарында шектеулі бюджет кірістері кезінде әлеуметтік шығыстардың өсуін тежеу, бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру және мақсатсыз шығыстарды жою, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттер аясында цифрлық теңгені масштабтау бар.

Сонымен қатар вице-спикер республикалық бюджет пен жалпы трансферттерге жаңаша көзқараспен қарау қажеттігін атап өтті. Өйткені бұл құжаттар жаңартылған Бюджет кодексіне негізделген бюджетті қалыптастырудың және бюджетаралық қатынастардың сапалы жаңа әдістерін қамтиды.

5341355238252214773

«2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы бойынша Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы баяндады. Оның айтуынша, 2026 жылға арналған кірістер 23,1 трлн теңге көлемінде болжанса, оның 19,2 трлн теңгесі трансферттерді есепке алмағандағы кірістер. Ал шығыс 27,7 трлн теңгеге дейін артады. Оның ішінде әлеуметтік салаға 10,7 трлн теңге (жалпы шығыстың 38,7 пайызы) бағыттау жоспарланған.

Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы заң жобасы жөнінде Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин баяндады. Оның айтуынша, жергілікті бюджеттердің республикалық бюджет қаражатына тәуелділігі орта есеппен 50,7 пайыздан 33 пайызға дейін төмендейді.

5341355238252214780

Баяндамаларды тыңдаған соң депутаттар заң жобаларын талқылады. Республикалық бюджет жобасы бойынша жұмыс тобына – депутат Ұласбек Сәдібеков, ал республикалық және өзге де бюджеттер арасындағы жалпы трансферттердің көлемі туралы заң жобасы жөніндегі жұмыс тобына – депутат Еркін Әбіл жетекшілік етеді. Талқылау барысында мәжілісмендердің айтқан ұсыныстары мен пікірлері ескерілетін болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале