Төрт жылда бір өтетін ауыл жасөспірімдерінің қысқы спорт ойындары өз мәресіне жақындап келеді. Хоккей мен коньки тебу бәсекелері аяқталып, облыс спортшылары бірнеше жүлдемен қуантты.

Конькиші қыздар жалпы есепте үшінші орынға ие болды. Сондай-ақ 2010–2012 жылдары туған қыздар мен ұлдар арасындағы 3×100 метрлік эстафетада біздің команда қола жүлдені қанжығасына байлады.
Хоккейшілер үздік алтылыққа енді.
Биылғы кешенді ойындарда шаңғышылардың нәтижесі ерекше қуантуда. Әсіресе қыздар командасының қарқыны жоғары.
Бұған дейін өткен үш ойында өңір спортшылары бір ғана күміс медаль иеленген болатын. Ол 2021 жылы бөрлілік Мәдина Жақсылықоваға бұйырған еді.
Ал биыл облыс спортшылары 10 медаль жеңіп иеленіп, айтарлықтай жетістікке қол жеткізді.
Көкшетау, Щучинск және Қостанай қалаларында өтіп жатқан кешенді додада облыс намысын Бөрлі, Ақжайық және Бәйтерек аудандарының спортшылары қорғап жүр.
Алда әлі екі жарыс күні бар. Демек, медаль саны әлі де арта түседі деген сенім зор.
Түгелбай Бисен