11.09.2025, 23:23
Оқылды: 145

Медициналық ұйымдар ұжымына қаржылық сауаттылық оқыту курстары өтуде

Батыс Қазақстан облысында Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері «Заң және тәртіп» нарративі аясында медициналық ұйымдар ұжымдарымен қаржылық қауіпсіздік бойынша оқыту кездесулері өтіп жатыр.

84a61e49-bb30-4868-ad64-a42ac9b0fe88

Бүгінгі таңда кездесулер облыстық көпбейінді ауруханасының консультативтік-диагностикалық бөлімшесінде, сондай-ақ №4 және №5 қалалық емханаларда өтті.
Іс-шаралардың негізгі мақсаты – халықтың қаржылық сауаттылық бойынша тұрақты білім қалыптастыру және азаматтарды қаржылық алаяқтықтан, соның ішінде қаржылық пирамидалардан қорғау.

468d0504-34a0-421f-afb3-973e19ff6fdb
Кездесулерде медицина мекемелерінің қызметкерлеріне қаржылық пирамидалардың белгілері және оларды заңды қызметтен қалай ажыратуға болатыны түсіндірілді.
Сонымен бірге, қазіргі заманғы қаржылық пирамидалар бұрынғыдан да айлакер болып, өздерін түрлі инвестициялық жобалар, желілік маркетинг, тұтынушылық кооперативтер, криптобизнес және сырт көзге заңды болып көрінетін басқа да стартаптар түрінде көрсетеді.
Мұндай кездесулер қаржылық сауаттылық мәдениетін қалыптастыруға, сенім мен жауапкершілік атмосферасын орнатуға өз септігін тигізеді.Өйткені әрбір алдын алынған қылмыс – сақталған ресурстар, тіпті сақталған өмірлер де болуы мүмкін.

b758e0ed-5f85-4cc0-80fb-a296f571aad0
«Заң және тәртіп» концепциясының басты міндеті құқықбұзушылықтарды анықтап, олардын жолын кесу ғана емес, сонымен қатар білім беру, ынтымақтастық пен диалог арқылы жүзеге асырылтын алдын алу жүйесін құру болып табылады.

БҚО бойынша ЭТТД

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале