2.06.2022, 10:30
Оқылды: 83

Мега жоба мәреге жетті

Ақжайық ауданының Қарауылтөбе ауылында «Талантты ауыл баласы» мега жобасы өз мәресіне жетті. БҚО мәдениет басқармасы, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның ұйымдастыруымен өткізілген бұл өнер сайысына 20-дан аса үміткер өнер көрсетіп, бақтарын сынады.

WhatsApp Image 2022-06-02 at 10.17.41

Жобаның ауылішілік байқауында топ жарып, бас жүлдеге ие болған Сезім Ақанқызы болса,
І орын Аяна Меңдібайға, ІІ орын Аяру Оразбай мен Жаннұр Әйтімбетоваға, ІІІ орын Надежда Борис, Ерасыл Мақсот пен Әдемі Иғалиға бұйырды. Жоба дипломанттары болып Қызғалдақ Самат, Наурызбек Қайыржан, Дильназ Нұрболатқызы, Айдана Тоғай марапатталды. Әр түрлі номинациялар да өз иелерін тапты. Олар: «Дала дауысы» номинациясының иегері — Ариадна Меңдігереева, Азиада Бисенбайқызы, «Қарауылтөбе дауысы» — Расул Бірлес, «Сахна сәні» — Айкөркем Марат, Інжу Қайырбек, «Көрермен көзайымы» — Аяулым Кежебайқызы, «Қоңыр дауыс» — Әлішер Айтқабыл.

WhatsApp Image 2022-06-02 at 10.17.42

Сонымен қатар Сейітқали Қайырғалиев атындағы арнайы жүлде Әли Самғоллаға бұйырды.
Бас жүлдеге ие болған Сезім Ақанқызы облыстық концерттерде өнер көрсетуге арнайы жолдамаға ие болып, тәлімгер, жоба авторы, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Еркін Өтегеновпен бір сахнада өнер көрсетіп, дуэт айтуға мүмкіндік алды.
Жобаның толық нұсқасын алдағы аптада филармониямыздың YouTube арнасынан тамашалайтын боласыздар.

Олжас Сейтимов,

 Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония ақпарат бөлімі жетекшісі 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале