Бұған дейін департамент Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 171-бабы бойынша «МегаОйлОрал» ЖШС - не қатысты әкімшілік іс жүргізудің басталғаны туралы хабарлаған болатын, онда мұнай өнімдерін бөлшек саудада сатушылардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізудің шекті бағасын арттырғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша мамандандырылған сотымен құқық бұзушы жалпы сомасы 1 715 280 (бір миллион жеті жүз он бес мың екі жүз сексен) теңгеге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған құқық бұзушылық үшін аккредиттеу туралы куәліктің қолданылуын тоқтата тұрып не одан айыра отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәтижесінде алынған кірістің (түсімнің) жүз пайызы мөлшерінде айыппұл көзделгенін ескерген жөн.
Осының салдарынан мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері мұнай өнімдерін өткізу саласындағы заңнаманың талаптарын қатаң сақтауы және белгіленген шекті бағалардан жоғары өткізуге жол бермеуі тиіс.
Тұтынушылар, өз кезегінде, ЖЖМ бағасының асып кету фактілері анықталған жағдайда субъектілерді әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін департаментке жүгінуге мүмкіндігі бар.
Алмас Отаров,
ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаментінің басшысы