"Ақ бидай - 2025" ауыл спорты ойындарының қазақ күресі бәсекесі басталды.

Екі күнге созылатын палуандар додасының алғашқы жарыс күнінде 82 келіде белдескен Мейірім Айғали финалға жолдама алды.
Ақтық сынға дейін алқынбай жеткен 18 жасар Мейірім әдемі күрес көрсетті. Ақтық сында Түркістан облысының палуанымен белдесті.

Жекпе-жек соңына дейін жеңіліп тұрған Мейірім палуан, белдесу аяқталуына 23 секунд қалғанда әдемі әдіс жасап, жеңісті жұлып алды.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz