"Күрес түрлерінен Бішкекте өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті", - деп хабарлайды Olympic.kz.
Фото: olympic.kz
Еркін күрестен 57 келі салмақта ел намысын қорғаған Мейрамбек Қартбай қола медаль жеңіп алды.
Ол кіші финалда қытайлық балуанды 7:2 есебімен ұтты.
Турнир барысында Мейрамбек Қартбай Өзбекстан балуанын жеңіп, жартылай финалда жапондық спортшыдан жеңілген еді.
Айта кетелік, Мейрамбек Қартбай Ақтөбе күрес мектебінің түлегі. Бұл оның құрлық чемпионатындағы тұңғыш медалі.