"Балалар кітапханасы" жобасы аясында мектеп кітапханаларын жаңғырту және оқушылардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру бойынша кезең-кезеңмен жұмыс жүргізіліп жатыр", - деп хабарлайды ҚР оқу-ағарту министрлігі.
Фото: www.gov.kz
Өткен жылдың қорытындысы бойынша мектеп кітапханаларының кітап қоры тағы 4 879 781 данаға толығып, кітап саны рекордтық 137 миллионға жетті.
Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапхана оқушыларға оқуға ұсынылған 1770 шығарманың тізімін жасады. Оның ішінде басым үлеспен 76%-ы отандық, ал 24%-ы әлемдік әдебиеттен тұрады.