Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі таңда мектеп оқулықтарының 95,5%-ы цифрлық форматқа ауыстырылды. Олар мемлекеттік сараптамадан өтіп, оқу-әдістемелік кешендер тізіміне енгізілді. Сандық форматтағы оқулықтар еліміздегі 13 баспаның 11 платформасында қол жетімді.
Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысында 2023 жылы 1507 пәндік кабинет сатып алынып, жоспардың орындалуы 100%-ға жетті.
2024 жылы еліміздің 700-ден астам мектебінде 1206 заманауи робототехника, химия, биология, физика, STEM пәндік кабинетін ашу жоспарланған.