9 (10) сынып оқушыларының қорытынды бітіру емтихандары 2021 жылғы 28 мамыр мен 5 маусым аралығында өтеді.
Олар қорытынды аттестаттауды үш пән бойынша тапсырады:
- оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан, гуманитарлық цикл пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп оқушылары үшін жазбаша жұмыс (мақала, әңгіме, эссе) – 28 мамырда;
- математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан (бақылау жұмысы) – 2 маусымда;
- өзге тілдерде оқитын сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан (мәтінмен жұмыс, мәтін бойынша тапсырмаларды орындау) – 5 маусымда.
11 (12) сынып оқушыларының мемлекеттік бітіру емтихандары 2021 жылғы 1-10 маусым аралығында өтеді.
Мектеп бітірушілер төрт пән бойынша емтихан тапсырады:
- оқыту тілі бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан 1 маусымда
- алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан 4 маусымда
- Қазақстан тарихынан тестілеу 7 маусымда;
- өзге тілдерде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу – 10 маусымда.
Сонымен қатар, биылғы жылы «Алтын белгі» белгісіне үміткерлердің жазбаша жұмыстары Білім басқармаларының жанынан құрылған Комиссия емтихан жұмыстарын тексереді.
Комиссия құрамына жазбаша емтихандар өтетін пәндердің білікті, тәжірибелі мұғалімдері кіреді. Комиссия емтихан жұмыстарын тексергеннен кейін нәтижелерін білім беру ұйымдарына жіберіп, мектеп директорының бұйрығымен төсбелгі иегерлерінің тізімі ағымдағы жылдың 12 маусымына дейін бекітіледі.
Мектептер бұрынғыдай оқу озаттарының тізімін өздері жасай алмайды.
Бұрын мектеп пен білім бөлімдері үміткерлердің жұмысын өздері тексеріп, «Алтын белгіні» тапсыру туралы шешім қабылдайтын.
2020-2021 оқу жылын 111 мыңға жуық оқушы аяқтап жатыр, олардың ішінде 5916-сы 11 сынып түлектері, 8690–ы 9 сынып оқушылары. «Алтын белгі» төсбелгісіне 430 оқушы, «Үздік аттестатқа» 185 оқушы үміткер.
Білім мекемелері қорытынды аттестаттау кезінде білім беру ұйымдарында санитарлық талаптардың қатаң сақталуын бақылауды ұйымдастырады.
Батыс Қазақстан облыстық білім басқармасының
баспасөз қызметі