5.02.2021, 12:27
Оқылды: 51

"Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде басқарудың тиімділігі" тақырыбында облыстық семинар өтті

Білім басқармасы мен Білім беруді дамыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2021 жылдың 4 ақпан күні «Мектеп  жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуде басқарудың тиімділігі» тақырыбында жеке мектепке дейінгі ұйым басшылары мен педагогтеріне арналған семинар оздырылды. Семинарға барлығы 63 педагог қатысты.

FFDD7889-0BCB-48E4-B680-879CFBD9087D

Семинар барысында Орал қаласының №34 «Балбұлақ», №50 «Заңғар» бөбекжайларының іс-тәжірибелері ұсынылды. Мектеп жасына дейінгі балалардың интеллектуалдық қабілеттерін арттыруда, құрылымдау дағдыларын дамытуда STEAM технологиясын қолдану әдіс-тәсілдері, оқу қызметтері, шеберлік сыныптары көрсетілді.

Білім басқармасы басшысы А.Мыңбаевамен «Сұрақ-жауап» айдарында сұхбаттасу жүргізілді. БҚО бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің жасөспірімдер мен балалар гигиенасы бөлімінің басшысы Г.Наурзалина «Карантин кезіндегі санитарлық-эпидеомиологиялық талаптар» бойынша баяндама жасады, Bilimland Group маркетинг департаментінің мамандары «Bilim kids. Мектепке дейінгі ұйымдарында қашықтан оқыту жүйесі» тақырыбында мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласының педагогтеріне, тәрбиеленушілері мен ата-аналарына арналған оқыту платформасын кеңінен насихаттап, қолдану жолдарын түсіндірді.

838A5785-C3C7-471E-BE1D-5C3E60C16404

Сонымен қатар облыстық білім басқармасының мамандары «Мектепке  дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің нормативтік-құқықтық актілерін жетілдіру», «Педагогтерді аттестаттаудың ерекшелігі», «Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру тәртібі», «Ұлттық білім беру деректер қоры: нұсқаулық және толтыруы» тақырыптары бойынша нормативті құжаттарды басшылыққа алып жұмыстану, педагогтерді аттестаттау, мемлекеттік білім беру тапсырысы туралы, ұлттық деректер қорын толтыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттар берілді.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале