27.08.2025, 17:30
Оқылды: 86

«Мектепке жол» акциясы өткізілді

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті жанында құрылған «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы өз жұмысын жалғастыруда.

Back to School Backpack with a Green Chalkboard and Supplies

Сурет: istockphoto.com

Еріктілер кеңесінің басты мақсаты мемлекеттік қызметшілердің азаматтардың, әсіресе жастардың, студенттер мен оқушылардың ерікті қызметке қатысуын кеңейту,ерікті бастамаларына жәрдемдесу, еріктілер қозғалысын реттеу, бағыттарды анықтау,бірізділікке салу, қоғамда азаматтық ұстанымды, өзін-өзі ұйымдастыруды, әлеуметтік жауапкершілік, ынтымақ, өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру, саламатты өмір салтын насихаттау,еріктілердіңқоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысуын үйлестіру болып табылады.

Осылайша, еріктілермен «Мектепке жол» акциясы өткізілді. Шара 7 отбасыны қамтып, оқушыларға мектепке сөмке жиынтығы табысталып, қолдау көрсетлді.

Ұйымдастырылған шараның мақсаты - қоғамда өзара көмек және мейірімділік сезімін қалыптастыру болып табылады.

 

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале