11.08.2022, 15:15
Оқылды: 93

«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы: 1000-нан аса балаға көмек көрсетілді 

Батыс Қазақстан облысында 2022 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы №64 қаулысына сәйкес жалпыға бірдей білім беру қорынан көмек түрлерімен 7648 бала қамтылады.

1

Бұл мақсаттарға жергілікті бюджеттен 678,1 млн.теңге бөлінген, оның ішінде 7648 оқушының ыстық тамағына бөлінген қаржы 485,8 млн теңгені құрады. Бір балаға тәулігіне ыстық тамақтың құны 485 теңге.

4323 баланы мектеп формасымен және оқу құралдарымен қамтамасыз етуге 127,2 млн.теңге қарастырылған. Бір балаға жұмсалатын шығын орта есеппен 25 000 теңгені құрайды.

«Мектепке жол» Республикалық акциясы ағымдағы жылы 1 тамызда басталып, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында «Мектепке жол – Шекарасыз жақсылық» ұранымен 30 қыркүйекке дейін өткізіледі.

Акцияның мақсаты: аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Облыс әкімінің орынбасарымен «Мектепке жол – 2022» қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөнінде іс-шаралар жоспары бекітілді.

Азаматтардың өтініштеріне жедел ден қою үшін «жедел желілердің», «сенім» телефондары арқылы үздіксіз жұмыстары ұйымдастырылуда. Телефон нөмірлері:8(7112)260465, 87474752531.

Сондай-ақ, ата-аналар тарапынан Atamekenim.kz порталының «Мектепке жол» батырмасына өз өтініштерін беру жалғасуда.

Облыс бойынша ағымдағы жылғы акцияның бастапқы күндерінде (1-8 тамыз аралығында) 1362 оқушыға көмек берілді.

БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале