5.10.2023, 12:30
Оқылды: 47

«Мектептегі орын тапшылығын жою – өте маңызды міндет»

Бүгін Астанада республикалық педагогтер съезі өтіп жақандығын хабарлаған болатынбыз. 

84f88884-3045-4c5e-9cae-a058dc68b910

Басқосуға Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып, ұстаздарды мерекемен құттықтады. Сондай-ақ білім саласындағыс мәселерге тоқталды.

- Мектептегі орын тапшылығын жою – өте маңызды міндет.

Адам капиталы – ең басты байлық. Халқымыздың саны 20 миллионға жуықтап қалды. Елімізде жыл сайын 400 мыңнан астам бала дүниеге келеді. Демек, мектепке баратын бүлдіршіндер саны артады. Оқушылардың да жалпы саны екі есе көбейеді деп жоспарланып отыр.

105e1f5d-a215-4c0f-acf7-a74b111f6437

Алдағы үш жылда 1 миллионнан астам жеткіншек студент атанады. Бұл – әрине, қуантарлық жайт. Алайда демографияның өсу қарқыны білім беру жүйесіне үлкен салмақ түсіреді. Қазірдің өзінде мектеп тапшылығы ең өзекті мәселенің бірі болып отыр.

Тәуелсіздік жылдарында елімізде 2300-ге жуық мектеп салынды. Соның нәтижесінде төрт ауысыммен оқытудан арылдық. Дегенмен «үш ауысыммен» оқу жүйесі әлі күнге дейін бар. Көптеген мектептің техникалық жабдығы ескірген. Осы мәселенің бәрін жоспарлы түрде шешуіміз қажет, - деді Президент.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале