29.09.2025, 11:30
Оқылды: 256

Мектептерде жаңа оқулықтардың апробациясы басталады

29 қыркүйектен бастап еліміздің 34 пилоттық мектебінде 2026–2027 оқу жылына арналған жаңа оқулықтардың апробациясы басталады. Апробацияны ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырады.
_gluster_2025_9_29_bcbfb27eff14815d84d25bd3c988c8fb_1280x720

Апробация 4-сыныпқа арналған – «Қазақ тілі», «Орыс тілі» (қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін), «Математика» (қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін), «Дүниетану», «Әдебиеттік оқу» және 7–10 сыныптарға арналған «Дүниежүзі тарихы», «Алгебра», «Қазақ тілі», «Химия», «Биология», «Физика», «География», «Құқық негіздері», «Шетел тілдері» (ағылшын, неміс, француз тілдері) оқулықтарын қамтиды.

«Апробация жаңа оқу бағдарламасы негізінде әзірленген жекелеген пәндер бойынша оқулықтардың күшті және әлсіз тұстарын айқындауға, сондай-ақ мектептер үшін оңтайлы оқу материалын іріктеуге бағытталған. Ол оқулықтарды кең көлемде енгізбей тұрып, оқушыларға арналған ең сапалы және тиімді оқулықтарды айқындауға мүмкіндік береді», — деп атап өтті Білім мазмұнын сараптау республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Назира Абдрахманова.

Маңыздысы, апробацияға тек педагогтер ғана емес, оқушылар да қатысады. Бұл оқулықтардың функционалдығы мен тиімділігі жан-жақты түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, орталық бес сатылы сараптама жұмысын жүргізеді: ғылыми-педагогикалық сараптама, пысықтау кезеңі, пилоттық мектептерде апробация, қоғамдық талқылау және пәндік сараптамалық комиссияның қорытындысы.

Сондай-ақ сарапшы болуға өтінім бергісі келетін педагогтер bmso.kz ресми сайтында сауалнамадан өте алады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале