4.01.2021, 15:13
Оқылды: 48

Мемқызметшілердің тартуы

Батысқазақстандық мемлекеттік қызметшілер жаңажылдық корпоративтердің орнына қайырымдылық жасауын жалғастыруда. Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» атты іс-шарасы аясында «Ел ырысы» базары аумағында көпбалалы және аз қамтылған 200 отбасы азық-түлік себетіне ие болды.

себет

– Облыстық, қалалық, ауылдық әкімдіктердің қызметкерлері  жалғыз тұрып жатқан зейнеткерлерге, барлық топтағы мүгедектерге, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға, яғни әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға азық-түлік себетін үлестіріп,  қамқорлық көрсетуде.

Пандемияға байланысты өңірімізде жұмыссыз қалған отбасылар бар. Соларға сәуір айында 4000, қазан айында 1500 себет азық-түлік таратқан едік.

Қайырымдылық жасау – ұжымның ортақ шешімі. Көпбалалы отбасылардың балғындарын қуантқанымызға ризамыз. Балаларға сыйлықтар да берген едік, - дейді Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Галиев.

Айта кетсек, өткен жыл ішінде шамамен 4 мыңға жуық оралдық отбасы азық-түлік себетіне ие болды.

 

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале