14.02.2025, 12:30
Оқылды: 180

Мемлекет басшысы елордадағы бірқатар нысанды аралады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің жаңа ғимаратына барды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сай архив Алматыдан Астанаға көшірілді. Бұл ел тарихына қатысты құжаттар сақталатын орын ғана емес, білім және ғылыми-әдістемелік кешен ретінде қызмет көрсететін Орталық Азиядағы алғашқы архив болмақ, бұл туралы Қазақстан Рсепубликасы Президентінің ресми сайты хабарлады. 

33ae9c50-7b24-4260-9608-f141f8b846d6

9cd5525a-3fb1-422b-8f52-b57452d34bdfАрнаулы ғимаратта мұрағат қоймасы, зертханалар, интерактивті экспозиция және оқырман залдары, жұмыс бөлмелері мен әкімшілік аумақ орналасқан. Мұндағы 24 мұрағат қоймасы қағаз жүзіндегі құжаттарды, дыбыстық-бейнелік жазбаларды сақтауға, сондай-ақ шағын таспалардағы және электрондық құжаттарды сақтандыру қорын орналастыруға арналған.

9deb544e-cc3f-48e5-a5e1-9d7b8ad9346d

Президент Архивінде Қазақстанның 1918 жылдан бергі саяси тарихына қатысты құжаттардың мол қоры жинақталған. Атап айтқанда, қорда еліміздің тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы, сыртқы және ішкі саясаты, халықаралық қатынастары, экономикалық қайта құру үрдістері мен әлеуметтік-мәдени дамуы бойынша материалдар бар.

Сурет: telegram.org

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале