23.09.2025, 13:00
Оқылды: 106

Мемлекет басшысы Еуропалық Кеңес Президентімен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңес басшысы Антониу Коштаға ілтипат білдіріп, Қазақстан Ұйыммен екіжақты негізде, сондай-ақ C5+ форматы аясында серіктестікті арттыруды берік ұстанатынын жеткізді, - деп жазады akorda.kz.

1758593417_2

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Еуропа Одағы арасында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық байланыстарды ілгерілетуге бағытталған саяси диалогтың қарқынды дамып келе жатқаны айтылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Антониу Кошта халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесуде өзара тиімді өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды жалғастыру жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале