2.04.2026, 14:45
Оқылды: 60

Мемлекет басшысы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті қабылдады

Президентке ведомство қызметінің басым бағыттары мен ғылым және жоғары білім салаларындағы стратегиялық бастамаларды жүзеге асыру барысы баяндалды, - деп жазады akorda.kz

5366552011790292337

 Саясат Нұрбек:

➤ жаңа Конституцияның білім және ғылым салаларындағы әлеуеті жайында мәлімет берілді.

➤ адам капиталын дамытатын экожүйе құру шаралары мен таланттарды үздіксіз қолдау тетігін таныстырды.

➤ еңбек нарығын зерттеу нәтижелері мен 2030 жылға дейінгі мамандарға сұраныс болжамын ұсынды. ✔️

Жоғары білімнің қолжетімділігін кеңейту шараларына, соның ішінде «Келешек» механизмі мен саланы қаржыландырудың жаңа моделін енгізуге баса назар аударылды.

➤ AI-Sana ұлттық қозғалысын ілгерілету және AI-Enabled University индустрия университетін іске қосу жайында баяндады.✔️

Жаңа типтегі бұл жоба білім беру мен өндіріс үдерісіне жасанды интеллектіні пайдаланады.

➤ инновациялық кластерлер мен ғылым қалашықтары сияқты ғылыми-өндірістік аймақтарды құру жоспарымен бөлісті.

➤ DeepTech пен күрделі өндірістерді дамыту моделіне көшу жүйелі түрде қолға алынғанын жеткізді. ✔️

Мұнда жоғары оқу орындары мен облыс әкімдіктерінің өзара байланысы айрықша мәнге ие. Бұл технологиялық міндеттер мен келешегі зор бағыттарды анықтауға жол ашады. ✔️

Аталған механизм аясында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізіледі, өнеркәсіп үлгілері жасалып, өндіріс іске қосылады.✔️

Ғылыми саясатты жетілдіруді көздейтін реформалар жалғасып жатыр. Министрлік ғалымдарды мемлекет тарапынан қолдауға, гранттар мен сыйлықтар беруге, ғылыми тағылымдамаға жіберуге, сондай-ақ жас ғалымдарды баспанамен қамтуға ерекше мән береді.

Мемлекет басшысы:

жоғары білім сапасын арттыру, ғылыми зерттеулерді дамыту және оларды коммерцияландыру, инновациялық қызметті ынталандыру, инфрақұрылым мен шетелдік университет филиалдарының жұмысын жетілдіру бойынша бірқатар тапсырма берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале