13.07.2020, 12:00
Оқылды: 19

Мемлекет басшысы індеттен қаза болған азаматтарды құрметпен еске алды

Ақорда резиденциясының алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінен қаза тапқан азаматтарды құрметпен бір минут еске алды.1558EC75-46ED-42E5-AB69-1D7A8F9300CAЕске алу рәсіміне ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев және де еліміздің өзге де лауазымды тұлғалары қатысты. Індет құрбандарын үнсіз еске алу рәсімі республиканың барлық аймағында өтті. Құрбандарға тағзым шарасын республикалық арналар тікелей эфир арқылы көрсетті. Айта кетейік, елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты халыққа үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілде – Ұлттық аза тұту күні деп жариялайтынын мәлім еткен болатын. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы 9 шілде күні қол қойды.

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале