27.07.2023, 12:00
Оқылды: 44

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

Мемлекет басшысы Қаржы мониторингі агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

c1e16f37-4268-4150-9557-417de24d55e8

 

Жанат Элиманов өзара бағалаудың ФАТФ (ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу топтары) стандарттарына сай сәтті өткені жөнінде мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қазақстан ақшаны жылыстатуға қарсы күрес жөніндегі Азия-Тынық мұхиты тобында бақылаушы мәртебесіне ие болған. Ал Үкімет Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекітті.

Агенттік қызметінің нәтижесінде жыл басынан бері 94 миллиард теңге шығын өтеліп, активтер қайтарылған.  Бес қылмыстық топ ойылған (тағы 3 іс жүргізіліп жатыр). 

- Азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында суррогат алкоголь өндіретін 12 цехтың қызметі тоқтатылып, елімізге құны 5,3 миллиард теңге болатын электронды темекі әкелуге жол берілмеді. Заңсыз ойын бизнесіне қарсы іс-әрекеттер нәтижесінде 11 жасырын казино және екі букмекер кеңсесі таратылды. Азаматтарды алаяқтық іске тартуға жол бермеу үшін 22 қаржы пирамидасының қызметі тоқтатылып, салымшыларға келтірілген 1,9 миллиард теңге шығын өтелді. Қаржы пирамидаларын жарнамалайтын 5,3 мыңнан астам сайт пен аккаунт бұғатталды. Он төрт облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 14 түрі бойынша баға төмендетілді, - деді Жанат Элиманов.

Қасым-Жомарт Тоқаев бизнесті қорғауға, сондай-ақ шетелге заңсыз қаражат шығарудың және ұлттық жобаларға бөлінетін бюджет қаржысын жымқырудың жолын кесуге бағытталған бірқатар тапсырма берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале