13.08.2024, 17:00
Оқылды: 77

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады

683B8965-93DC-4416-AB22-8AC825236FDB
Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.

Мейіржан Юсупов:

• компанияның 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған қызметі туралы есеп берді;

• жыл басынан бері уран өндіру көлемі шамамен 11 мың тоннаға жеткенін және өнімді сату көрсеткіші 8 мың тоннаға жуықтағанын айтты;

• еліміздің минералды-шикізат базасын нығайту және толықтыру бағытында жүзеге асырылып жатқан жобалар, сондай-ақ ұлттық компанияның геологиялық барлау активтерінің портфелін одан әрі кеңейту жоспары туралы баяндады;

• «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшысы мекеме өңірлерді әлеуметтік тұрғыдан дамытуға 3,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлгенін жеткізді. Осы орайда су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға да көмек берілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлау және ресурстық базаны толықтырудың маңызды екенін атап өтіп, бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруды тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале