21.10.2021, 12:51
Оқылды: 59

Мемлекет басшысы: Көпұлттылық – біздің бағымыз

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саналуан этностан құралғанын маңдайға жазылған бақыт деп бағалады.

4

«Қазақстанда саналуан этнос өкілдері тұрады. Бұл – бүкіл әлемге белгілі ақиқат. Шын мәнінде бұл біздің тағдырымызға жазылған бағымыз. Елімізде түрлі мәдениеттер бірге дамып келе жатыр. Соның арқасында әлеуетіміз артып, береке-бірлігіміз нығая түсуде. Біз отаншылдықты, өзара сыйластық пен татулықты жан-жақты дәріптеуіміз керек. Бұл жүк – мемлекеттің ғана емес, барша азаматтардың ортақ міндеті. Жалпы ұлттық бірлік – қуатты мемлекет болудың басыт кепілі. Егемен еліміздің баға жетпес байлығын кейінгі ұрпақ үшін сақтай білуіміз керек. Осы жауапты міндетті абыроймен атқарасыздар деп сенемін», - деді Президент ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ, осы шарада Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысында Достық үйін салуды тапсырды.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев Президенттің ескертпесі бойынша Түркістан өңірінде жаңа Достық үйі салынатынын айтты.

«Біздің ассамблеяның Достық үйі болған. Бірақ ол Шымкент қаласында орналасқан еді. Оны Шымкент қаласының сұрауымен қала әкімдігінің балансына бердік. Қазір ассамблея басқармалар үйінде орналасқан. Сіздің айтқан ескертпелеріңізді ескере отырып, жаңа үлгідегі Достық үйін саламыз деп ойлаймын»,- деді аймақтың басшысы.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сурет:www.voxpopuli.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале