Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның парламенттік жүйесін реформалау бойынша ойланып жүргенін айтты.
«Еліміздегі парламенттік жүйені, партиялық жүйені реформалауды шындап ойланып жүрмін», - деді Президент «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында.
Мемлекет басшысы ретінде бұл жайында 28 қаңтарда партияның съезінде де айтқанын жеткізді. Осы орайда тиісті қадамдар мемлекет мүддесіне сай жасалуы керек екенін атап өтілді.
Сонымен Қасым-Жомарт Тоқаев оппозицияның болуына қатысты сұраққа жауап берді.
«Бізде оппозиция бар, алайда көбіне көшеде жүреді», - деді Президент.
Мемлекет басшысының пайымынша, Парламент Мәжілісінде ұстамды әрі мықты бірнеше партия болуы керек. Жалпы, бұл бағытта саяси мәдениетті өсіру аса маңызды.
Дереккөз: ҚазАқпарат