23.06.2024, 10:00
Оқылды: 230

Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Президент

Құрметті полиция қызметкерлері!

Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!

Сіздер заң пен тәртіпті сақтауға, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауға елеулі еңбек сіңіріп келесіздер.

Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі. Сіздер антқа адалдықтың және жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулеріңіз керек. Әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды.

Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін.

Әрдайым абырой биігінде болыңыздар!

Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале