Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнам мен Сингапур халқын Ұлттық күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі жазды.
Сурет: Ақорда
Президент Сингапурдың экономика, инновация және қоғамдық даму саласындағы таңғаларлық жетістіктерін атап өтті.
Сонымен қатар еліміздің Сингапурмен арадағы шынайы достыққа және өзара қолдауға негізделген серіктестікті нығайтуға мүдделі екенін растады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Тарман Шанмугаратнамның бастамаларына табыс, ал Сингапур халқына бақ-береке тіледі.