17.07.2024, 15:00
Оқылды: 61

Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймардановты қабылдады

Мемлекет басшысы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Жандос Шаймардановты қабылдады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

0A8798E3-2691-41D5-87FE-C20868DD9592

Сурет: Ақорда

Жандос Шаймарданов:

  • әлемдік және ұлттық экономикадағы қазіргі трендтер туралы айтты;
  • құрылымдық реформаларды одан әрі жүзеге асыру жөнінде ұсыныстар берді;
  • мемлекеттік статистика мен деректерді басқару негіздерін институционалдық тұрғыдан күшейту туралы баяндады:

     – Ұлттық статистика бюросына әкімшілік дереккөздерге қатысты мемлекеттік бақылау өкілеттігі берілді;

     – жыл соңына дейін 9 мемлекеттік органның деректер базасы сапасына бағалау жүргізіледі. Бұл әкімшілік дереккөздері үшін сапа стандарттары мен халықаралық әдістемені қолдануға көмегін тигізеді;

  • Агенттіктің әкімшілік және баламалы ақпарат көздерін белсенді пайдалануды ескере отырып, статистикалық қызметті қысқа мерзімді жоспарлаудан үш жылға дейінгі орта мерзімді жоспарлауға көшуі жөнінде айтты;
  • аталған реформалар статистикалық есептілікті 2 есеге дейін азайтуға мүмкіндік беретінін және деректердің сапасы мен ресми статистикаға деген сенімді арттыратынын жеткізді.

Кездесу соңында Президент әлеуметтік-экономикалық реформаларды жан-жақты пысықтаудың маңызды екеніне тоқталып, Агенттік төрағасына осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале