24.12.2025, 14:30
Оқылды: 194

Мемлекет басшысы Tausogar зауытында болды

Елорда нысандарын аралау кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Tausogar зауытына барды, - деп жазады akorda.kz

kz8-7481-2_mediumThumb

№1 Индустриалдық паркте орналасқан кәсіпорын құрылыс саласын заманауи жүк көтергіш машиналармен және механизмдермен қамтамасыз етеді.

1766564192_KZ8_7258_2

Президент елдегі ірі құрылыс компанияларына қажетті мұнара крандары мен эскалаторлар өндірісімен танысты.

Қазір Tausogar зауытында жоғары білікті 44 маман еңбек етеді. Өндіріс орны жылына 200 лифт, 70 эскалатор және 70 мұнара кранын шығара алады.

1766564192_KZ8_7779_2

Мемлекет басшысы еңбек ұжымымен әңгімелесу барысында кәсіпорынның ел инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесін атап өтіп, оның алдағы уақытта бәсекеге қабілеттілігі арта түсетініне сенім білдірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале