Мемлекет басшысының жарлығымен Төлежан Барлыбаев Қазақстанның Словак Республикасындағы, Алтай Әбибуллаев Қазақстанның Хорватия Республикасындағы, Алмат Айдарбеков Қазақстанның Молдова Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың ресми ақпараттық сайтында жазылды.
Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Осыған орай ол Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан, Қазақстан Республикасының Босния және Герцеговинадағы, Черногориядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.
Алтай Ибрагимұлы Әбибуллаев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Алмат Дәкібайұлы Айдарбеков Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.