ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі берген сұхбатында сауалдарға жан-жақты тоқталып өз пікірін, жоспарын айтқан екен.
Президент елдің мәселесіне талдау жасап, бәрінен хабардар екенін көріп біз қуанып отырмыз. Соңғы уақытта өзге мемлекеттердің президенттерімен жиі кездесіп Қазақстанның сыртқы мәселелеріне, ішкі сауда нарығын нығайтуға тынымсыз жұмыстанып жатқанын байқап жүрдік, халықтың да ой-пікіріне уақыты бола ма екен деген сұрақтар ел арасында туындап жүр еді, міне көзіміз жетіп, көңіліміз тынышталды.
Президент ішкі мәселе мен сыртқы мәселеге, одан бөлек елдің татулығына және мемлекеттердің достық ара-қатынасына тікелей жұмыстанып жатыр.
Қасым-Жомарт Кемелұлы уәдесін орындады, су басқан мекендерде үйінен айырылған әр шаңырақ үйлі болады деп сөзін берген еді. Міне уәдесін орындады, біз сол үшін алғыс айтамыз. Мемлекет басшысына халық, ел болып қолдау жасауымыз керек. Қазақстанымыз гүлдене берсін.
Арман Биғалиев