15.12.2023, 9:15
Оқылды: 52

Мемлекет меншігіне қанша гектар жер қайтарылды?

Пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы 10 миллион гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

ukimet

 Фото: primeminister.kz

Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың өкімімен арнайы мемлекеттік комиссия құрылған.

Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде пайдаланылмай жатқан және заңнаманы бұза отырып берілген 10 миллон гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылған.

Сондай-ақ жайылымдық жер тапшылығы мәселесінің өзектілігін ескере отырып, қайтарылған жерлерді тиісті елді мекендерге бекіту арқылы басым тәртіппен шаруалардың қажеттіліктері үшін берілуде.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындауда «AMANAT» партиясы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының қоғамдық-партиялық бақылауы маңызды факторға айналды. Атап айтқанда, аталған комиссия қайтарылатын жерлерді қайта бөлуді бақылаумен айналысты.

Жерді халық арасында одан әрі әділ бөлу мәселелері ҚР Үкіметінің ерекше бақылауында болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале