10.12.2020, 10:18
Оқылды: 44

Мемлекеттік бюджетке 8 трлн. теңге түсті

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев 11 айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджеттің атқарылу көрсеткіштері туралы баяндады.

A4324380-CAF7-493D-8E70-A1F4AE8E23DB

«Мемлекеттік бюджетке кірістер 8 трлн.теңге сомасында түсті немесе жоспар 104,7%-ке атқарылды. Республикалық бюджетке кірістер 5 трлн. 224 млрд. теңге сомасында түсті немесе жоспар 101,4%-ке орындалды. Жалпы кірістер бойынша жоспар 74 млрд. теңгеге артығымен орындалды. Салық бойынша 65 млрд.теңгеге атқарылмады, салықтық емес түсімдер 140 млрд.теңгеге артығымен орындалды», - деп атап өтті Е.Жамаубаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, салықтар бойынша негізгі атқарылмау сомасы қосылған құн салығына тиесілі.

«Қосылған құн салығы бойынша жоспардың атқарылмау себептері: өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда қосылған құн салығын қайтарудың 50% немесе 181,5 млрд. теңгеге өсуі; «Электронды шот-фактуралар» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес сату бойынша айналымдардың 13,6% азаюы. Негізгі азаю тау-кен өнеркәсібі саласына тиесілі, онда айналымдар 2019 жылмен салыстырғанда 41,6% немесе 8 трлн теңгеге азайған;

2019 жылдың 10 айымен салыстырғанда Қазақстанның үшінші елдермен тауар айналымының 14,3%, 2019 жылдың 9 айымен салыстырғанда Еуразиялық Экономикалық Одақ елдерімен – 11,6% төмендеуі», - деп түсіндірді министр.

Сонымен бірге, жоспар пайдалы қазбалар өндіруге салынатын салық бойынша 14 млрд теңгеге асыра орындалды. Негізгі себеп түсті металдар өндіру көлемінің ұлғаюы болып отыр.

«Жергілікті бюджет кірістері 111,3%-ке атқарылды және 2 трлн 811 млрд теңгені құрады. Жалпы жоспар 285 млрд.теңгеге асыра орындалды. Оның ішінде салықтар бойынша - 269 млрд. теңгеге. Барлық өңірлерде кірістер бойынша жоспарлар асыра орындалды», - деді Қаржы министрі.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале